Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев коронавирус пандемиясы кезінде кейбір шенеуніктер дәрілер, медициналық құралдардың есебінен байып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Әлі күнге дейін пара беру жүйесі өркендеп жатыр. Оның ставкалары бәріне белгілі. Мұны мойындау қиын. Кейбір шенеуніктер осындай қиын кезеңнің өзінде жеке қорғаныс құралдарын, дәрі-дәрмектерді және медициналық жабдықтардың есебінен байып жатыр. Бұл мәселені оларды ұстау және қамау арқылы шешу мүмкін емес, - деді ол.
Алик Шпекбаев мәселені шешудің жолын ұсынды.
"Мен мәселенің шешімі ретінде барлық деңгейдегі бюджеттің толық ашығын, сондай-ақ қоғамдық және азаматтық қадағалауды қамтамасыз ету есебінен жүргізілуі қажет деп санаймын", - дейді агенттік төрағасы.
Айта кетейік, осыған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы "СҚ-Фармация" басшылығына үндеу жасаған еді.
Шенеуніктер мұндай қиын кезеңнің өзінде байып жатыр - агенттік төрағасы
2020-07-21 11:00:42
Последние новости
21.07.2020
Акимат Шымкента сэкономил 3 млрд тенге
21.07.2020
"Баспана Хит": Мөлшерлемелер төмендетілді