Ақмола облысы туризм басқармасы 24 шілдеден бастап Бурабай мен Зеренді жабылатынын хабарлады, деп жазады SputnikNews.kz.
Ведомство хабарламасында облыстың туристік аймақтары 24 шілде 00:00-ден бастап 3 тамыз 00:00-ге дейін жабық болатыныны айтылған. Бұған карантин шараларының күшейтілуі мен демалушылардың азаматтық жауапкершілігінің төмен болуы себеп.
"Куруорттық аймақтарға кіреберісте блок бекеттер орнатылады, сондай-ақ, көлік қозғалысы шектеледі", - деді басқармада.
Бұған дейін келген турситер қонақүйлер мен шипажай-курорттық нысандарда қалады. Демалыстағы адамдар бетперде тағып, қашықтықты сақтауы тиіс екені айтылған.
Қонақүйлерге бөлмелерді брондауға өтініш қабылдамау тапсырылды.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін нысандар күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимде қызметін жалғастырады.
Жалға берілетін жағажайлар, сауна, қонақүй бассейні жабылады. Жағалаудағы сауда орындары мен қайық стансаларының жұмысы тоқтатылады.
Бурабай мен Зеренді қашанға дейін жабылады
2020-07-21 07:00:48
Последние новости
21.07.2020
21 шілдеге арналған ауа райы болжамы