Қазақстанда коронавирустан 51 медицина қызметкері көз жұмды

Поделиться:
ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Қазақстанда коронавиурстан 51 медицина қызметкері көз жұмғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің мәліметке сәйкес, 51 медицина қызметкері көз жұмған. Олардың туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз. Мемлекет басшысымен 13 шілдеде өмірден өткен әріптестеріміз мемлекеттік наградалармен марапатталды, 42 медицина қызметкері марапат алды. Өтемақы тұрғысында әрбір жағдайды жеке зерттейтін тиісті механизм бар. Осыдан кейін ақпарат Денсаулық сақтау министрлігіне жолданады. Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратты тексеріп, мәліметтерді Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігіне жолдайды.

Содан кейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем аударылады», - деді Тимур Сұлтанғазиев тілшілердің сұрағына берген жауабында.

Еске сала кетсек, бұған дейін комитет төрағасы елімізде коронавирус жұқтырған 306 адамның жағдайы ауыр екенін хабарлаған болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также