1700-ден астам бала коронавируспен ауырып жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ .
Қазақстанда 61755 науқас тіркелген, оның ішінде 25448 емделіп жатыр, 35 911 адам сауығып шығып, 396 адам көз жұмды. Коронавирус індеті тәулігіне 1700-1800 адамға тұрақтанды. Жағдайды одан әрі тұрақтандыру бойынша өңірлердегі шаралардың тиімділігі 17 индикатор бойынша бақылау жүргізіліп жатыр. Тағы қосымша 4 индикатор бойынша жұмыс жүргізу қарастырылып отыр. Оның екеуі әкімдіктердің халықтың негативтік қабылдауы мен БАҚ-пен жұмыс істеу арқылы әлеуметтік жүктемені алу және халықтың шағымы бойынша жұмыс істеуге бағытталады. Қалған екі индикатор дәрі-дәрмектің саны мен медициналық ұсынымдар бойынша бірыңғай дистрибьютердің жұмысын қадағалайды, - деді Цой.
Министр атап өткендей, рейтингке сәйкес, бірінші орында СҚО мен ШҚО тұр.
Бұл облыстар бойынша 17 индикатордың 9 индикаторын орындаған. Екінші орында 8 индикаторды орындаған 5 облыс тұр. Үшінші орындағы 3 облыс пен Алматы 7 индикаторды орындап отыр. Ең соңғы орында Атырау облысы 5 индикаторды орындаумен тұр, - деді ол.
Цой айтып өткендей, 1700-ден астам бала ауырып жатыр.
Күндізгі оқуды іске қосу балалар арасындағы ауруды өршітіп жіберуі мүмкін. Коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың өсуіне байланысты оқу орындары арасында барлық сыныпты қашықтан оқытуды ұсынамын. Аз қамтылған мектептерден басқа орта білім беретін ұйымдарды қашықтан оқытқан дұрыс, - деді ол.
Цой бірінші тоқсанды қашықтан оқуды ұсынды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
14.07.2020
Мест нет - Пациент с переломом бедра оказался на улице в Костанае
14.07.2020
За прошедшие сутки в Казахстане выявлено 1856 заболевших коронавирусной инфекцией
14.07.2020
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 61755-ке жетті
14.07.2020