Бүгін Нұр-сұлтан қаласынан келген ресейлік дәрігерлерді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қабылдап, қалыптасқан ахуалды түсіндіріп, жұмыстарына табыс тіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жағдайды көріп отырсыздар. Елімізде қазір коронавируспен бірге пневмония дерті де ушығып тұр. Осы айда облыстық аурухана жанынан 400 орындық инфекциялық стационар ашылады. Сонымен бірге, Құрманғазы ауданынан да қосымша орындар жасақталып жатыр. Біз қажетті стационарлық орындармен, дәрі-дәрмекпен, құрал-жабдықпен толықтай қамтамасыз етеміз. Бастысы, сол жасақталып, ашылып жатқан орындарда науқастарды емдейтін дәрігерлер керек. Жылдар бойы келе жатқан медициналық мамандар тапшылығы қиын кезде анық байқалды, - деп атап өтті Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Сондай-ақ, аймақ басшысы жақын арада Ресейдің Астрахань облысынан тағы бес дәрігер маман келетінін де айтты.
Пандемиямен күреске жұмылдырылған барлық дәрігердің жағдайы жасалуда әрі жан-жақты қолдау жалғаса береді, - деді ол.
Уақытша сапармен келген ресейлік дәрігерлер Атырауда үшінші тамызға дейін жұмыс істейді.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауға интернатурада оқып жатқан 100-ден астам жас маманның медицина саласына тартылатынын хабарлаған болатынбыз.
Атырауға 6 ресейлік маман келді
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
13.07.2020
20 жылдық өтілі бар сотталған дәрігер колониядағыларға көмек көрсетіп жатыр
13.07.2020
Аягөздегі балалар орталығында балалар мен қызметкерлер жаппай КВИ жұқтырды
13.07.2020
Өлім статистикасын дұрыс жүргізбесе, Қазақстанға санкциялар салынуы мүмкін – жоғары санаттағы дәрігер
13.07.2020