Күні кеше Қытайлық БАҚ беттерінде қазақстандықтардың белгісіз пневмониядан «қырылып жатқаны» туралы ақпарат тараған болатын. Онда аталған дерттің коронавирустан да қауіпті екені жазылған, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін ресми мәлімдеді.
«Айта кету керек, ДДСҰ Аурулардың халықаралық тізіліміне – АХТ-10-ға пневмонияны есепке алатын кодтар енгізді. Мысалға, «күңгірт шыны» симптомы кезінде өкпенің зақымдануында, КВИ клиникалық және эпидемиологиялық түрде дагностикаланады, бірақ зертханалық түрде расталмайды. Осы ретте, Қазақстан өзге елдер сияқты осындай пневмония түріне мониторинг және есеп жүргізеді. Бұл, коронавирус инфекциясына шалдығу және оның таралу жағдайын тұрақтандыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді. 9 шілде күні Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой пневмония бойынша жалпы елдегі сандар туралы айтты: соның ішінде бактерия, зең, вирус тудыратындар, соның ішінде АКХТ-10 тізіліміне сәйкес «белгісіз этиологиядағы вирусты пневмония» бар», - делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.
Ведомство ел тұрғындарын FAKE-ақпараттарға сенбеуге шақырды.
«Қазақстандықтар өзге аурудан өліп жатыр»: қытайлық БАҚ таратқан ақпаратқа ДСМ жауап берді
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}