Облыс бюджетінен дәрі-дәрмекке 500 млн теңге бөлдік. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды ВAQ.KZ.
Облыс бюджетінен дәрі-дәрмекке 500 млн теңге бөлдік. Өзбекстан үкіметімен байланысып, арнайы тізбемен дәріні әкелуге келістік. Бүгін облысқа 2 фургон дәрі келді. Денсаулық сақтау министрлігінің ықпалымен Түркиямен келісіп, ол жақтан антибиотиктерді жеткізу мәселесі қаралып жатыр. 2 айлық керекті дәрі апта ішінде облысқа жеткізіледі, - деді Шөкеев.
Облыс әкімі атап өткендей, дәріханаларда аталған дәрі-дәрмектер қымбат бағаға сатылмауы керек.
Шекті бағамен сатып, бір қолға сатылатын дәріні анықтау керек. Тұрғындар "алдағы 1-2 айға" деп, дәрі-дәрмек қорабын шамадан көп сатып алып жатыр. Бұл мәселелерді реттеп жатырмыз. Дәрі-дәрмекті тек Түркістан облысына ғана емес, өзге өңірлерге де жеткізуді жоспарлап отырмыз. 1-2 күнде шешілетін мәселе, - деді ол.
Шөкеев өңірде 178 ӨЖА аппараты бар екенін айтты.
Қазір оның 45-і пайдаланып жатыр. ӨЖА аппаратын науқастар ауыр жағдайда болса ғана қолданылады. Қазір облыста ол бойынша резерв бар. Аппарат жеткілікті, - деді ол.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии