Министрлік қазақстандықтарды суды үнемдеуге шақырды

Поделиться:
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Су шаруашылығы қызметкерлері күні қазақстандықтарды суды үнемдеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

"Су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Бұл салада өзінің білімі мен тәжірибесін, кәсібіне деген құрметті ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан отбасылық еңбек әулеті көптеп табылады. Сала ардагерлері мен мамандарға адал еңбектері үшін ризашылық білдіргім келеді", - деп жазды Мырзағалиев Twitter желісіндегі парақшасында.

"Мемлекет су шаруашылығын дамытуға баса назар аударады. Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарлама әзірленіп, маңызды міндеттер іске асырылуда.

Барша сала қызметкерлеріне зор денсаулық, шаңырақтарына береке, жұмыстарына табыс тілеймін! Қазақстандықтарды суды үнемдеуге шақырамын!", - деді министр

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также