Шілде айының қарсаңында маусымдық көкөністер арзандады деп жазады Energyprom.kz порталы. Атап айтқанда, қияр мен қызанақ, орамжапырақ бағасы төмендеген. Есесіне, картоп, алма, ашытқы және қарақұмық қымбаттады.

Жалпы, азық-түлік бағасы елімізде әр ай сайын қымбаттап келеді. Мәселен, маусым айында қымбатшылық мамырмен салыстырғанда 0,5 пайыздық өсімді көрсетсе, 2019 жылдың маусымымен салыстырғанда 11,1%-ға өсті.

Жаздың алғашқы айында әсіресе картоп айтарлықтай қымбаттаған – 9,6%. Мамандар мұның себебін нарыққа жаңа өнімнің келуімен байланыстырып отыр. Ал, дәл осы себеппен қызанақ 27,5 пайызға дейін арзандап кетті. Сондай-ақ, қияр – 19,6%, орамжапырақ – 14%, пияз – 6,5%, қызылша – 4,8% арзандады. Жемістен алма бағасы 4,7 пайызға өссе, лимон 6,8 пайызға арзандады.