Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде онлайн өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ .

Тұрғындарды толғандырып жүрген мәселе – дәрі-дәрмек. Өңірде 486 дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін орталық жұмыс істейді. Осыған дейн вирусқа қарсы, антибиотик, парацетамол дәрілері тапшы болып, жетпеді. Қазір олардың орнын басқа дәрілермен алмастыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Гипарин, флексар сынды дәрілері жетіспейді. Бұл орайда СҚ "Формация" және денсаулық сақтау министрлігімен жұмыс істеп жатырмыз. Өзбекстан, Ресей сынды көрші мемлекеттермен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жергілікті бюджеттен 700 млн ақша бөлдік, қосымша тағы 300 млн теңге ақша бөлеміз, - деді ол.

Сапарбаев осы аптаның аяғында немесе келесі аптаның басында өңірге дәрі-дәрмек жететінін айтты.

Мемлекеттің тәртібі бойынша, дәрі-дәрмекпен қамту орталықтандырылған. СҚ "Формация" дәріханаларды дәрімен қамтамасыз етеді. Бірақ қазір тек Қазақстанға ғана емес, барлық елге дәрі-дәрмек қажет болғандықтан, Үкіметпен келістік, өзіміз кәсіпкерлер арқылы тікелей көрші мемлекеттерден дәріні аламыз, - деді ол.

Облыс әкімі дәрі-дәрмектің бағасына қатысты мәселені де қозғады.

Қазір біз өңір бойынша 43 мониторлық топ құрдық. Оның құрамына полиция, қоғамдық ұйым, денсаулық сақтау басқармасының өкілдерін қостық. Кей азаматтар осындайдан пайда тапқысы келеді. Ондай азаматтар "Ауыл береке" базарында ұсталды. Полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеу жүріп жатыр. Талапты орындамаған кәсіпорындардың 200-ден астамын тексеріп, 50-ден астамына тиісті шаралар қолданылды. Оның ішінде жабылғаны бар, 1,7 млн теңгеге айыппұл салынды. Бұл жұмыстар жалғасын табаы, - деді ол.