Танымал актер Дархан Дайырбек қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы продюсер әрі актер Нұртас Адамбай Facebook желісінде жазды.
Ол актердің сегізінше шілдеге қараған түнде қайтыс болғанын жазды.
"Бүгін түнде біздің тамаша актеріміз Дархан Дайырбек қайтыс болды. Студиямыз туғаны мен туысқандарына қайғырып көңіл айтады. Дархан аға әрдайым көңілді әрі жақсы кісі еді. Сол қалпынд есімізде қалады. Дәке, рөлдеріңіз үшін, жұмысыңызға және адамдарға деген қарым-қатынасыңызға рақмет. Иманды болыңыз", - деп жазды Нұртас Абамбай.
Алайда актердің неден қайтыс болғаны белгісіз.
Еске салайық, Дархан Дайырбек 1969 жылы туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. "Терісқақпай" комедия театрының әртісі. Отандық бірнеше фильмде басты рөлде ойнаған. "Әкім", "Құдалар", "Қазақша тонау", "Сүрбойдақ", "Келинка Сабинка-2", "Бес күндік күйеу", "Мен күйеу баламын", т.б.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии