Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов коронавируспен күреске жұмсалған қаражат туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Жыл басынан бері тек материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 4 миллиард теңге бөлдік. Сыйақы мен төлемдер бойынша біз қалалық дәрігерлерге 3 миллиард теңгеден аса қаржы бөлдік, жұмысты жалғастырып жатырмыз. Бүгін 14 тыныс алдыру аппаратын алдық, қосымша 50 аппаратқа тапсырыс бердік. Барлығы 200 аппарат. 500 флуометр мен 500 медициналық төсек орны", - деді Көлгінов.
Сондай-ақ, әкімнің айтуынша, стационарлар күн сайын дәрі-дәрмектермен толықтырылады.
Мұның алдында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанның коронавируспен күреске қанша ақша бөлгенін айтқан еді. Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігіне 114 миллиард 826 миллион теңге бөлінді.
Нұр-Сұлтанда коронавируспен күресу үшін қанша ақша бөлінді?
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}