Қазақстан бойынша дәл қазір 28 мың адам пневмониямен ауырып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызы мәлім етті, деп хабарлайды AzattuqRuhy.kz.

Бірақ, осы 28 мың адамнан коронавирус инфекциясы табылмаған.

«Бізден пневмония статистикасы туралы жиі сұрайды. Бүгін ел бойынша станционарларда ПТР нәтижес теріс пневмониямен 28 мың пациент ем алуда. Оның 98,9% орташа ауыр деп бағаланады. 330 адамның жағдайы ауыр», - деп мәлім етті ол.

Бұдан өзге, елде жіті вируспен және тұмаудың әр түрімен ауырып жатқан 4 мыңнан астам адам тіркелген. Естеріңізге сала кетейік, биыл маусым айында Қазақстанда 600-ден астам адам осы пнемония, яғни, өкпенің қабынуынан көз жұмды.