Мемлекет басшысы коронавируспен күресте ақпараттық жұмыстардың маңызды рөл атқаратынын айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Дер кезінде хабарлап, тиісті шаралар қабылдауға көп нәрсе байланысты. Бастапқы кезеңде бұл жұмыстар жақсы ұйымдастырылды. Бірақ мемлекеттік органдар соңғы кезде бұл істі босаңсытып жіберді.
Коронавирус бойынша үш ай бұрын арнайы құрылған Республикалық коммуникациялық орталық қазіргі уақытта іс жүзінде жұмыс істемейді. Осыған сәйкес, бүгінде бірыңғай нақты ақпараттар дерегі жоқ. Індетке қарсы күресте жауапты шенеуніктер теріс ақпарат беріп, халықты одан әрі адастырады. Ең жаманы осы. Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланыс орнатуды қойды. Олардың арыз-шағымдарына дер кезінде жауап бермейді. Сондықтан тұрғындардың көпшілігі қайда барарын білмей, торығуда»- деді Президент.
Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз.
Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланыс орнатуды қойды - Президент
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
29.06.2020
О катастрофической нехватке реаниматологов сообщили в Мангистауской области
29.06.2020
«Екі дәрі 25 600 теңге». Алматылықтар пандемия кезінде бағаны өсіріп жіберген дәріханалар әрекетіне наразы
29.06.2020
Президент объявил выговоры ряду чиновников
29.06.2020