«Қайсар» футбол клубының бас жаттықтырушысы Стойчо Младеновтың айтуынша, клуб ойыншылары арасында коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Қайсардың» 10 ойыншысының тапсырған талдауы коронавирус бар екенін анықтады. Егер «Байқоңыр» жастар командасындағы инфекцияға шалдыққандарды қоссақ, жалпы сырқаттанғандар саны 25-ке жетеді. Мен және менің бапкерлер штабымның өкілдері, сонымен қатар Болгариядан келген Александар Колевтің вирусқа тапсырған талдауы теріс нәтиже көрсетті», - деп атап өтті Младенов. Сонымен қатар, бас жаттықтырушы «Қайсардың» 1 шілдеге жоспарланған ойыны өтер-өтпесін білмейді. «Жаттығуды тоқтаттық, шешімді күтіп отырмыз», деді ол. Айта кетсек, 1 шілдеде «Қайсар» Қазақстан чемпионатында «Таразға» қарсы ойнауы керек болатын.
«Қайсар» клубында 25 футболшыдан коронавирус табылды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}