Жыл басынан бергі 5 ай ішінде салмағы және габариттік өлшемдері шамадан тыс көп болған 2063 автокөліктің еліміздің жолдарымен жүріп өтуіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
«2020 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша ҚР ИИДМ Көлік комитетінің көліктік бақылау органдары 42916 жүк автокөлік құралын тексерді. Нормативтік-құқықтық актілері талаптарын бұзған 6 311 көлік құралы анықталды. Оның ішінде рұқсат беру жүйесі бойынша заңнама талаптарын бұзған 316 шетелдік көлік бар», - делінген министрдік хабарламасында.
2063 автокөлік құралының артық жүктемемен жүруіне рұқсат берілмеді және 1,3 млрд теңге алым өндіріп алынды. Сондай-ақ, 290 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілді. Өткен 5 ай ішінде мемлекет кірісіне барлығы 1,6 млрд теңгеден астам алымдар мен айыппұлдар өндіріп алынды.
«49 шаруашылық субъектілері тексеріліп, 34 заңбұзушылық анықталды. Заңбұзушылықтарды жою туралы 30 ұйғарым берілді. Сондай-ақ жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзғаны үшін 2609 әкімшілік материал ресімделді. Өндіріп алынған айыппұл сомасы шамамен 49,0 млн теңге», - делінген ақпаратта.
Қазақстанда шамадан тыс жүк тасыған көліктерге 1,6 млрд теңге айыппұл салынды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
17.06.2020
Отменяется требование о регистрации в городе по жилищной программе "Алматы жастары 3.0"
17.06.2020
«Қазақтелеком» акциялары не үшін сатылды – Самұрық-Қазына түсіндірді
17.06.2020
Депутаты предложили ввести карантин на национальном уровне в Казахстане
17.06.2020