Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендерде интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобсы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Заң жобасы ауылдық елді мекендерді интернетке кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. Осы заң жобасы 2020 жылғы 3 маусымда бірінші оқылымда мақұлданды.
Жұмыс тобы аясында заң жобасымен жұмыс істеу барысында депутаттар түзетулер енгізді.
Бұл түзетулер: жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойынан бөлінген белдеу шегінде ұялы немесе спутник байланысы жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылыстар мен тіреуіштер салу жөніндегі нормаларды нақтылауға; ұялы немесе спутниктік байланыс операторының өтініші бойынша жергілікті атқарушы органдардың ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылыстар мен тіреуіштер салу үшін электрмен жабдықтау жүргізілген жерді беруі жөніндегі нормаларды нақтылауға бағытталған.
Депутаттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және заң техникасының талаптарына сәйкес келтіру бойынша, сондай-ақ заң жобасының жекелеген нормаларын нақтылайтын және мазмұнын жақсартатын түзетулер енгізді.
Жұмыс тобына тұрақты комитеттер мен Мәжіліс депутаттарынан 30 ұсыныс келіп түсіп, олар мүдделі министрліктер, ведомстволар, байланыс операторлары және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының отырыстарында, Комитеттің кеңейтілген отырыстарында талқыланды
Мәжіліс ауылдарда интернет сапасын жақсартуға арналған құжатты мақұлдады
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
10.06.2020
Қазақстандық 10 ЖОО алғаш рет әлемнің үздік университеттерінің қатарына енді
10.06.2020
Шекарадағы жағдай: Бішкек Нұр-Сұлтанның конструктивті ұсыныстарына "құлақ салмауда"
10.06.2020
30 лет без гражданства прожил мужчина в ВКО
10.06.2020