Елорданың сол жағалауындағы Нұржол желекжолында орналасқан субұрқақта Батырхан Шүкенов пен Димаш Құдайберген әндерінің әуені ойналады. Бұл туралы Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Таяу уақытта бәріміздің сүйікті субұрқағымыз жаңаша әуен ойнайтын болады. 15 маусымға дейін Нұржол желекжолындағы музыкалық субұрқақ жұмыс істемейді. Су астындағы прожекторлардың шамамен 300 шамын ауыстыру жұмыстарын жүргіземіз. Ескі үлгідегі шамдарды жаңа жарықдиодты шамдарға ауыстырамыз», - деді ол.
Осы орайда аудан әкімі ән құмарларға жақсы жаңалығымен бөлісті.
«Уәде бергенімдей, аталған субұрқақтың музыкалық репертуарын сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша өзгертеміз. Бұл істің өзіндік ерекшеліктері бар. Процесс барынша күрделі, мамандар барлығы біркелкі жұмыс істеуі үшін хореографияны қолмен бағдарламалап шығады. Жақында «Көзімнің қарасы«, «Дудар-ай« және Батырхан Шүкенов пен Димаш Құдайбергеннің әндері мен классикалық композицияларын естиміз», - деді Берік Жәкенов.
Нұржол субұрқағында Батырхан Шүкенов пен Димаш Құдайберген әндерінің әуені ойналады
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}