Өңдеуші кәсіпорындарға 3 пайыздық жеңілдетілген несие беріледі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Карантиннің шектеу шараларының жеңілдеуі аясында, мамырдан бастап қызметтер секторы бойынша жекелеген салалардың қалпына келуі байқалады. Атап айтқанда, сауда 28,3%-ға, оның ішінде бөлшек сауда – 34,2%-ға, көтерме сауда – 26,1%-ға өсті. Көлік қызметтері – 20,7%-ға, оның ішінде жолаушылар айналымы – 41,5%-ға, жүк айналымы – 5,7%-ға артты. Ал тамақтану бойынша қызметтер 10,8%-ға өсті», - деді Руслан Дәленов Үкімет отырысында.
Мамыр айында қызметтер саласында өсімнің серпінді қалпына келуі тіркелген.
«Экономикалық белсенділікті одан әрі қалпына келтіру мақсатында 20 мамырда 2020 жылға арналған кешенді жоспар қабылданды. Кешенді жоспар қолданбалы сипаттағы нақты шараларды қамтиды. Бұл алдымен - өнеркәсіпті дамыту қорын құру. Өңдеуші кәсіпорындарға 3% жеңілдетілген мөлшермен несие беру көзделіп отыр», - деді ол.
Өңдеуші кәсіпорындарға 3 пайыздық жеңілдетілген несие беріледі - ҰЭМ
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}