Елордада митинг өтетін орындар белгіленді

Поделиться:
Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты бейбіт жиын өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ орындарды немесе жүру маршрутын белгіледі. Құжат Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жария талқыға ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Аталған құжатқа сәйкес, елордада бейбіт жиындар мен шеру өткізу үшін 4 арнайы орын ұсынылып отыр.

Біріншісі - аумағы 4 380 шаршы метрді құрайтын, 1000 адам сиятын Ш.Құдайбердіұлы даңғылы мен А.Пушкин көшесі қиылысындағы саябақ.

Екіншісі - мың адам сыятын, аумағы 2 064 шаршы метрді құрайтын «Астаналық цирк» жанындағы алаң.

Үшіншісі - аумағы 1 695 шаршы метр болатын Жеңіс, Абай даңғылы, Т.Бигелдинов және Желтоқсан көшелері төртбұрышындағы жазғы алаң. Бұл жерге 500 адам еркін сыяды.

Шеру өткізуге арналған төртінші бағыттың ұзындығы - 2055 метр. Бағыт Абая даңғылы мен Ә.Сембинов көшелерінен, Жазушылар аллеясынан бастап, Құдайбердіұлы даңғылы мен А.Пушкин көшелеріне дейін жалғасадыШеруге мың адамға дейін қатыса алады.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также