Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram желісіндегі парақшасында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған "Birgemiz" қорынан 50 000 теңге көлеміндегі біржолғы төлемдерді тағы да кімдердің алатыны туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құрметті достар! Өздеріңізге мәлім, Елбасының бастамасымен Мемлекет басшысы қолға алған дағдарысқа қарсы шараларға қосымша "Birgemiz" қоры мұқтаж қазақстандықтарға қарқынды көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Көмек көрсетудің бірінші және екінші кезеңі аясында 23 қаладағы 360 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден біржолғы төлемақы алды. "Jas Otan" маңына топтасқан 5 мыңнан астам волонтер 240 мың отбасыға азық-түлік себеттерін, медициналық маскалар мен бірінші кезекте қажетті заттарды жеткізіп берді. Халықтың қорғанысы әлсіз бөлігіне жататын 100 мың отбасыға тегін 5 миллион маска үлестірілді. Түркістан облысының су басқан ауылдарының тұрғындарына нұротандықтар азық-түлік, киім-кешек, құрылыс материалдары мен жеке гигиена құралдары түрінде 1000 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті. "Birgemiz" қорының қаражаты есебінен Достық ауылының тұрғындары жаңа тұрғын үйлермен қамтамасыз етілетін болады, - деді Бауыржан Байбек.
Сондай-ақ, ол күні кеше Елбасымен өткен кездесу барысында партия төрағасының берген тапсырмаларына тоқталды.
Кеше Елбасы, партиямыздың лидері Нұрсұлтан Назарбаев 50 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлемақы берудің үшінші кезеңін ұйымдастыруды тапсырды. Осы аптаның өзінде шағын қалалардың, ауылдар мен ірі қалаларға іргелес елді мекендердің мұқтаж тұрғындарынан тұратын 110 мыңдай отбасыға қосымша атаулы қаржылық көмек көрсетілетін болады. "Nur Otan" партиясы мен Тұңғыш Президент Қорының ұйымдық қолдауымен "Birgemiz" қорының іске асырып жатқан тиімді де ашық жұмысы ірі меценаттардың көкейіне сенім ұялатып отыр. Осылайша таяу уақытта тағы да қосымша қаражат түседі деп күтілуде. Осыны ескерген Елбасы тікелей ауыл тұрғындарына басымдық бере отырып, мұқтаж қазақстандықтарға атаулы көмек көрсетудің төртінші кезеңін іске асыру мүмкіндігін пысықтауды тапсырды, - деп жазды ол.
Байбек "Birgemiz" қорынан көмек алатындар туралы айтты
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
03.06.2020
Снизился объем международных денежных переводов в Казахстане
03.06.2020
Түркістан маңында 63 млрд теңгенің инвестициялық жобасы жүзеге асырылады
03.06.2020
Вывоз живого скота из Казахстана запрещен до ноября 2020 года
03.06.2020