Алматы жедел жәрдемінің баспасөз қызметі 17 диспетчердің коронавирусқа шалдыққанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел жәрдемде қазір 3 607 адам жұмыс істейді. Диспетчерлер саны – 98.
"COVID-19-ға қатысты жағдай бойынша, диспетчерлік бөлімде 1 маусымдағы жағдайға сәйкес – 17 диспетчерден коронавирус расталды. Жұқпалы аурулар стационарларында сегіз адам жатыр, провизорлық стационарларда тоғыз адам жатыр", – делінеді жедел жәрдемнің баспасөз қызметі берген хабарламада.
Жедел жәрдем қызметінің баспасөз хатшысы Гүлнар Қатыбаеваның дерегінше, қатынаста болғандар ретінде 15 адам анықталды, олардың арасында қызметкерлердің туыстары да бар. Барлығы оқшауланды.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии