Қазақстанда түрмеде отырғандарды коронавирустан қалай емдейді

Поделиться:
ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Люмила Бюрабекова Қостанай облысындағы «Қара бүркіт» түрмесіндегі коронавирус жұқтыру фактілері туралы айтты. Бүгін аталған колонияда 25 адамның ауырғаны белгілі болған, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

«Инфекция жұқтырғандардың ешқайсысы сотталған азаматтар емес. Барлығы оқшауланды. Колонияның жанында провизорлық жатын орындары әзірленген арнайы жер бар. Коронавирус табылғандар түрме аумағына кіргізілген жоқ, сотталғандармен байланыста болмады. Егер олардан инфекция табылса, колонияның ішінен жатын орындары әзірленіп, хаттама бойынша ем қабылдайды», - деді вице-министр бүгінгі ведомства брифингінде.

Қостанай облысы тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау департаментінің мәліметінше, коронавирус тестінің нәтижесі теріс болған колония қызметкерлері үй карантиніне алынған. Жалпы, мекемеде 287 адам жатыр, 87 қызметкер жұмыс істейді. Сотталғандардың ішінде Арқанкерген шекара бекетінде 15 адамды атап тасаған Владислав Челах, Алматыда 10 адамды өлтірген Руслан Күлекбаев бар. Олар колонияның аса қауіпті қылмыскерлерге арналған бөлімінде жазаларын өтеп жатыр.
Просмотров материала: 126

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также