Мақатта мылтық атқан "мықтылар"

Поделиться:
Таяуда Атырау облысы Мақат кентінде төбелес болып, соңы атысқа ұласты. Салдарынан бір адам ауыр жарақаттан қайтыс болса, екіншісі жарақат алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бейресми ақпарат бойынша жігіттердің арасында өзара келіспеушілік болған. Жанжал кезінде жігіттердің бірі аңшылық шолақ мылтық қолданған. Осының кесірінен оқиға орнында 35 жастағы бір ер адам қаза болып, 29 жастағысы жарақатпен аудандық ауруханаға түскен.

Атырау облыстық Полиция департаментінің өкілі Гүлнәзира Мұқтарованың хабарлауынша, бүгінде күдіктілер анықталып, оның біреуі ұсталып, қамауға алынған.

ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также