Жыл соңына дейін Air Astana ұлттық әуекомпаниясы 148 миллиард теңге, ал SCAT 85 миллиард теңгеге жуық қаржылай шығынға ұшырауы мүмкін, деп хабарлайды SputnikNews.kz.
"Әуе көлігі кәсіпорындарының кірісі 2020 жылдың қаңтар-ақпан айында 55,3 миллиард теңгені құрады. Бұл қаржының 54 миллиард теңгеге жуығы жолаушылар тасымалы қызметінің үлесіне тиесілі" деп жазады Finprom сараптамалық агенттігі.
2019 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда жылдық өсім 11,4%, жолаушылар тасымалымен салыстырғанда 11,7% құрады.
"Елдегі тұрақты халықаралық рейстердің тоқтатылып немесе қысқартылуына байланысты жыл соңына қарай Air Astana әуекомпаниясының шығыны 148 миллиард теңгеден, ал SCAT әуекомпаниясының шығыны 84 миллиард теңгеден асады", – деп мәлімдеді индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі.
Айта кетейік, Қазақстанда төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Air Astana 15-30 сәуірге жоспарланған барлық рейсті тоқтатты. Рейсі тоқтатылған жолаушылар айыппұлдарды есептемей-ақ, билеттерді басқа күндерге қайта брондай алады.
Қазіргі кезде SCAT әуекомпаниясы Қазақстан бойынша және көрші елдерге гуманитарлық көмек тасымалдаумен ғана айналысады.

Просмотров материала: 0
Комментарии