Ақмола облысында 99 жастағы қария коронавирус жұқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"13 адамнан COVID-19 анықталды. Барлық науқас - арнайы әлеуметтік төлем алушылар. Жұқтырғандардың ішінде 99 жастағы қария бар.

Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлық науқас ауруханаға жатқызылды және олардың барлығы 2 сәуірде коронавирустан қайтыс болған 1974 жылғы қариямен байланысқан.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 759-ға жеткен.
Просмотров материала: 0