Қазақстанда kaztube онлайн кинотеатры іске қосылды

2020-03-26 13:00:55
Қазақстанда kaztube онлайн кинотеатры іске қосылды
Қазақстандық kaztube.kz онлайн кинотеатры іске қосылды, деп хабарлайды "Қамшы" Strategy2050.kz. сілтеме жасап.

Kaztube.kz – алдыңғы қатарлы отандық бейнепортал. Осы уақытқа дейін бейнепортал миллионнан астам өз аудиториясына көптеген видео контенттерді жеткізіп келді.

Бейнепортал енді онлайн кинотеатрға айналды. Отандық киноиндустрияның дамуына үлес қосушы (қолдаушы) kaztube.kz жаңа бағытта. Сайтта 5 тақырыптан тұратын премьералар топтастырылған. 100-ге жуық рұқсаты бар контент жарияланған, олардың қатары әлі де артуда.

Отандық жаңа форматтағы kaztube.kz өзінің тұрақты пайдаланушыларына отандық туындыларды тегін онлайн көру мүмкіндігін ұсынып отыр.
Просмотров материала: 0