Шымкент. Коронавирус жұқтырған науқастың жағдайы бірқалыпты

2020-03-25 13:00:51
Шымкент. Коронавирус жұқтырған науқастың жағдайы бірқалыпты
24 наурыз күні кешкісін Шымкент қаласында Covid-19 коронавирусын жұқтырған ер адам анықталды. 1996 жылы туған науқас Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ол Шымкентке Нұр-Сұлтан қаласынан келген екен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкент қаласында коронавирус жұқтырудың бір оқиғасы тіркелді. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланып, ем-дом қабылдап жатыр. Ол азамат 20 наурызда Нұр-Сұлтан қаласынан келген. Онымен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы іздестіріліп табылды. Ол кісілермен толыққанда індетке қарсы іс-шаралар жүргізіп жатырмыз. Елді шарпыған коронавирусқа байланысты айтарым, дүрбелеңге түсудің қажеті жоқ. Шымкент әкімдігі мен министрлік тарапынан барлық іс-шаралар толыққанда орындалып жатыр. Штаттар құрылған. Тікелей жұмыстарды атқарудамыз. Қарым-қатынасты болған адамдардың бәрі оқшауланды. Шымкент қаласы тұрғындарынан өз-өзін сақтандырып, адамдармен қарым-қатынасты азайтуды сұраймыз. Шымкенттегі коронавирус ошағы толық зерделеніп, оқшауланады, - деді Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев.

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Темірхан Варзиловтың айтуынша, науқастың жағдайы қанағаттанлық деңгейде, қазір ем қабылдап жатыр екен.

Оның жедел респираторлық вирус инфекцияларының белгілері бар. Қзаір жағдайы бірқалыпты. Ол азаматпен қарым-қатынасқа түскен барлық тұрғындар анықталып, карантинге жабылды. Олардың да жағдайы қанағаттанарлық. Өміріне қауіп төнбейді. Қазір коронавирус анықталған адамның тұрған елдімекені қоршауға алынған. Біз алдын алу шаралары бойынша барлық іс-шараларды жасап жатырмыз. Әрмен қарай таралмайды деп үміттенеміз, - деді Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Темірхан Варзилов.
Просмотров материала: 0