"2 күнге дейін не істерімізді білмей жүрдік": Нұр-Сұлтанда алғаш рет онлайн той өткізілді

2020-03-24 15:00:46
"2 күнге дейін не істерімізді білмей жүрдік": Нұр-Сұлтанда алғаш рет онлайн той өткізілді
Нұр-Сұлтанда алғаш рет онлайн той өткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жас жұбайлар елімізде алғаш рет ата-анасынан бейнеқоңырау арқылы ақ бата алған жұп. Оның үстіне, некесін онлайн қиған Азамат пен Әсел маңызды рәсімді Ұлыстың ұлы күніне орай жоспарлаған. Дәлірек айтқанда, бастапқы шешім бойынша құдалық пен ұзату, неке қию Арыс қаласында 22 наурызда өтеді деп күтілген.

Той иесі Азамат Асқарұлы елдегі жағдайға байлансты әуелде не істерін білмей қалғанын жеткізген. "Шынын айтсақ, 2 күнге дейін не істерімізді білмей жүрдік. Екі жас өзіміз барып қайтамыз ба? Әлде қалай деп ойланып жүрген кезімізде үлкендер өздері шешімге келіп, жұбайымның ата-аналарына хабарласып, онлайн түрде ақ батасын алды.