Қойдың майы, адыраспан, сарымсақ және маска

2020-03-20 15:00:36
Қойдың майы, адыраспан, сарымсақ және маска
Бүгін Алматы қалалық әкімдігінің алдында әкімнің орынбасары Ерлан Қожағапанов тікелей эфриге шықты. Әкімдіктің баспасөз орталығы карантинге жабылыпты. Сол себепті тікелей эфирлер бұдан былай әкімдіктің алдында өтетін болды. Қожағапанов Алматыдағы төтенше жағдайды түсіндіре келе, әдемі әзіл айтты, деп хабарлайды NEGE.KZ.

«Қыз-келіншектер мені кешірсін. Бірақ мен күнде сарымсақ, пияз жеймін. Дұрыс тамақтану керек. С витаминін көп пайдаланыңыздар. Маска тағып жүріңіздер», – деді ол.

Айтпақшы, адыраспанның бағасы өсіп кетіпті. Оның түтіні кейбір жағдайда пайдалы болғанымен, тыныс жолдарының созылмалы дерті бар адамдарға зиянын тигізуі мүмкін екен.

Қойдың майына қатысты да түрлі кеңестерді табуға болады. «Қойдың майына жететіні жоқ. Нарынқолдан қойдың майын көп алғызып қойдым», – депті желі қолданушылардың бірі.

Қысқасы, денсаулығыңызға зиянын тигізбейтін сақтанудың барлық түрі пайдалы. Артық қылам деп, тыртық қылып алмаңыз. Ең бастысы – үйден шықпауға тырысыңыз, шыққан жағдайда маска тағып жүріңіз!
Просмотров материала: 0