Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус инфекциясынан елімізде адам шығыны жоқ екенін айтты.
Короновирус инфекциясы әлемнің 160 еліне таралғаны белгілі. Оның ішінде біздің елімізде 49 адамнан табылды. Нұр-Сұлтан қаласында 25 адам, Алматы қаласында 22 адам және Қарағанды облысында 2 адамда тіркелді. Әр түрлі жалған ақпарат тарап жатыр. Бірақ біздің елде бұл дерттен ешкім өлген жоқ, – деді Ералы Тоғжанов.
Оның айтуынша, карантин енгізілген екі қалаға кіріп-шығу 22 наурызда толығымен тоқтайды.
Төтенше жағдай бойынша мемлекеттік комиссия тәулік бойы жұмысты бақылауда.Маңызды шешімдер 1-2 күннің ішінде қабылданып жатыр. Коронавирус індетінің басқа өңірлерде таралуына жол бермеу. Сондықтан нақты бірнеше шаралар қабылданды. Екі қалада карантин енгізілді. 22 наурыздан бастап, Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында барлық әуе, теміржол, көлік қатынастары тоқтайды. Оған дейін уақыттарыңыз бар. Сондай-ақ мәдениет, өнер, өндіріс ошақтары уақытша жабылды. Тек азық-түлік және дәрі сататын орындар жұмыс істеп тұр, – деді вице-премьер.

Просмотров материала: 0