Қор биржасында доллар құны күрт шарықтап, 448,50 теңгеге жетті

2020-03-19 11:00:43
Қор биржасында доллар құны күрт шарықтап, 448,50 теңгеге жетті
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңертеңгі сағат 11 кезіндегі сауда-саттықта доллар бағамы 448,50 теңгені құрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Кешелі бері доллар 8,94 теңгеге қымбаттады.

Қор биржасында доллар құны күрт шарықтап, 448,50 теңгеге жетті


Ұлттық банк өткен күні әлемдік қаржы нарықтарындағы дүрбелең өрши түскенін еске алды. Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелі 25 долларға жетті, осылайша баға тәулігіне 14% және жыл басынан бері 60% -дан астамға төмендеді. Әлемдік қорлар мен валюта нарықтарда да құлдырау жалғасып жатыр. Ресей рублі тәулігіне 7,3%, ал жыл басынан бері 30% -дан астамға құнын жоғалтты. Осы жағдайларды ескере отырып, Ұлттық банк Қазақстан қор биржасымен бірлесіп, 2020 жылдың 19 және 20 наурызында теңгенің долларға шаққандағы валюталық жұптық сауда-саттығын Франкфурт аукционы түрінде өткізуге шешім қабылдады.

"Франкфурт аукционы түрінде өткізілген сауда-саттық клиенттердің қолда бар өтініштерін қанағаттандыруға және валюта нарығындағы жағдайды тұрақсыздандыруға жол бермеуге мүмкіндік береді", делінген Ұлттық банк пен KASE хабарламасында.
Просмотров материала: 0