Қазақстандықтар баспанасын да сақтандыруы мүмкін

2020-03-10 15:00:38
Қазақстандықтар баспанасын да сақтандыруы мүмкін
Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мүлікті төтенше жағдайдан міндетті сақтандыру қажеттігін жеткізді, деп хабарлайды SputnikNews.kz.

"Қазір бізде қайырымдылық ұйымдары көп. Дегенмен болашақта мүлікті сан алуан төтенше жағдайдан міндетті сақтандыру мәселесін көтеру керек. Иә, мемлекеттік бюджет бар. Баспананы қалпына келтіруге арналған резервтер де бар. Материалдық көмек беріледі. Алайда осы саладағы өркениетті жолдардың бірі мүлікті сақтандыруға көшуіміз керек", - деді Ильин астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бұрын көлікті сақтандыру шаралары басталғанда халық тарапынан түсініспеушілік болған. Дегенмен адамдар үйренді. Сол сияқты мүлікті сақтандыру жұмысын да бастау керек.

Просмотров материала: 0