Димаш Құдайбергеннің Мәскеу төріндегі концерті аншлагпен өтті

2020-03-10 11:00:33
Димаш Құдайбергеннің Мәскеу төріндегі концерті аншлагпен өтті
Қазақстандық жезтаңдай әнші 2,5 сағат бойы өз жанкүйерлеріне жанды дауыста ән шырқады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тыңдармандары концерттен мол әсер алып, сүйікті әншісіне ризашылығын білдірді. Димаштың мәскеулік жанкүйерлері 9 наурызды тағатсыздана күткен еді. Концерт өтетін аренаға ағылған халықта сан жоқ. Барлығы да мерекелік кештен мол әсер алуды үміттеніп отыр.