Қай жерде алатаяқ, сол жерде жемқорлық - Олжас Бектенов

2020-03-06 11:00:36
Қай жерде алатаяқ, сол жерде жемқорлық - Олжас Бектенов
Агенттік көліктік бақылау инспекциясының былығын жайып салды, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жемқорлық жайлаған ведомство. Бұл туралы автомобиль жолдары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өткен селекторлық кеңесте айтылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновтың айтуынша, жыл сайын елдің транзиттік әлеуетін арттыруға қыруар қаржы бөлінеді. Алайда, жауапты ведомство жемқорлық жайлаған құрылым қатарына кіреді.

“Қай жерде жезл, сол жерде жемқорлық. Ол жасырын емес. Соңғы 3 жылдың өзінде көліктік бақылау инспекциясының 38 лауазымды тұлғасы және түрлі қызметтегі 19 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды”, -деді Бектенов.
Просмотров материала: 0