Шымкент әкімі 9 наурызда өз еркімен жұмысқа шығатынын айтты

2020-03-05 15:02:43
Шымкент әкімі 9 наурызда өз еркімен жұмысқа шығатынын айтты
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тілшілермен сұхбаттасу барысында 9 наурыз демалыс күні болса да, жұмысқа шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Отырар.

Қала басшысы кез-келген мемлекеттік қызметкер ешкім оны мәжбүрлемесе де жұмысқа шығуға болатынын айтып өтті.

"Мен өз басым бұл күні демалыс болса да жұмысқа шығамын. Бұл өз шешімім. Кім де кім жұмысқа шыққысы келсе өзі біледі", - деді Мұрат Әйтенов.
Просмотров материала: 0