ҚТЖ-да құрылыс кезінде 1,3 миллиард теңге жымқырылғаны анықталды

2020-03-04 07:00:34
ҚТЖ-да құрылыс кезінде 1,3 миллиард теңге жымқырылғаны анықталды
Экономикалық тергеу департаменті ҚТЖ-да құрылыс кезінде 1,3 миллиард теңге жымқыру дерегі болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ жүйесінде аппарат-бағдарлама кешенінің құрылысы барысында 1,3 миллиард теңгенің жымқырылғаны анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деді Нұр-Сұлтан қаласы Экономикалық тергеу департаментінің Бірінші тергеу басқармасының басшысы Болат Кәмитов.
Просмотров материала: 0