Алматыда сегіз жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

2020-02-27 13:00:39
Алматыда сегіз жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде қауіпті қылмыскерді құрықтады.

"Биылғы жылдың 26 ақпанында Алматы қаласында ауыр қылмыс жасағаны үшін, атап айтсақ, адам өліміне әкелген ауыр дене жарақатын қасақана келтіргені үшін 33 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны ұсталды. Ол шамамен сегіз жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген", - деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.