"Гарант-24" ломбардының қожайындары қай жақта жүруі мүмкін екені айтылды

2020-02-26 13:00:16
"Гарант-24" ломбардының қожайындары қай жақта жүруі мүмкін екені айтылды
Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов – Қаржы пирамидасының екі құрылтайшысы Ресей мен Қырғызстан аумағынан іздестіріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта осы қаржылық пирамидалардың негізін қалаушылардың екеуі Қазақстаннан тыс жерде бой таласады деген жедел ақпарат бар. Олардың орналасқан жерін анықтау үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылып, іссапарға жіберілді. Қазіргі уақытта ол екеуі Ресей мен Қырғызстанда болуы мүмкін деген ақпарат келіп түсті. Егер ұсталып, қылмыстары дәлелденсе, алаяқтықтары үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, - Санжар Әділов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілерге берген жауабында.

Оның айтуынша, негізгі құрылтайшылар, яғни 12 күдікті халықаралық іздеуге жарияланған.

Олардың біразы азаматтардың шығымы түскенге дейін Қазақстан аумағынан тыс жерде жасырынып үлгерген. Күн сайын қылмыстық жауапкершілікке тартылатын күдіктілер саны артып жатыр. Тұрғындардан алынған қаржының негізгі бөлігі қолма-қол ақша күйінде жиналған. Қаржылық мониторинг комитетімен, бас прокуратурамен бірлесе жымқырылған қаржыны іздестіру шараларын жүргізіп жатырмыз. Бүгінде іздестіру шаралары барысында 40 млн теңге тәркіленді. Тергеу органдарымен 21 пәтерге, 3 үйге, 30-дан астам автокөлікке тыйым салынды, - дейді тергеу департаментінің басшысы.

Келтірілген жалпы шығынның сомасы 5 млрд теңгеден астам екен. Осыған байланысты 22 қылмыстық іс қозғалған. Бұл Гарант 24", "Estate Ломбард"және "Выгодного займ" атты үш қаржылық ұйымға қатысты.
Просмотров материала: 0