Бюджет шығындары 128,6 млрд теңгеге қысқарады

Поделиться:
Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет бюджет шығындарын 128,6 млрд теңгеге қысқартатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, шығындар семинар, конференция өткізу, қызметтік көлік, жиһаз алуға, іссапар және талдамалық зерттеулерге кететін ақша есебінен азаймақ, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

«Жалпы алғанда шығыстарды оңтайландыру бойынша жалпы сомасы 128,6 млрд теңгеге ұсыныстар берілді. Оның ішінде мемлекеттік органдар 23 млрд теңге, өңірлерден 26,6 млрд теңге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен 79 млрд теңге қысқарады», - деді ол.

Үкімет басшысы Асқар Мамин осыған қатысты тапсырмалар берді.

«Жергілікті бюджет шығындары бойынша әкімдіктер мәслихат арқылы аталған жұмыстарды қысқарту жөнінде шешім қабылдау керек. Ұлттық холдингтер мен компания басшылары басқарма отырыстарында шығындарды қысқарту жөнінде бір шешімге келуі тиіс», - деді Үкімет басшысы.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также