Илья Ильин допинг дауынан кейін алғаш рет чемпион атанды

Поделиться:
Илья Ильин допинг дауынан кейін алғаш рет чемпион атанды
Ташкентте ауыр атлетикадан халықаралық бірлік чемпионатының 102 салмақ дәрежесіне дейінгі ерлер арасындағы сайыс аяқталды.
Бұл салмақта қазақстандық Илья Ильин жеңіске жетті. Ол екі сайыстың қорытындысы бойынша 355 (160+195) келіні көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.


Екінші орын Катардан келген Фарес Эльбахқа бұйырды – 353 (159+194) келі. Үздік үштікті жергілікті спортшы Омарбек Шохназаров еншіледі. Ол 341 (155+186) келіні көтере алды.

Осының алдында Қазақстан құрамасы сапынан 61 келідегі Игорь Сон алтын медаль еншілеген болатын.

Айта кетейік, Илья Ильин допингке байланысты екі жылдық дисквалификация мерзімін өтеп болған соң, алғаш рет халықаралық жарыста жеңіске жетіп отыр.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также