Ақтөбеде қызын зорлаған адам 19 жылға сотталды

Поделиться:
Ақтөбеде қызын зорлаған адам 19 жылға сотталды
Ақтөбеде кәмелет жасқа толмаған қызын зорлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы «НеМолчиKZ» қорының төрайымы Дина Таңсәрі Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қоғам белсендісінің айтуынша, Ермек А. 2019 жылы ақпанда кәмелетке толмаған қызын зорлаған. Ол ауыр қылмыс жасағаннан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

«Облыстық сот мәліметінше, қылмыстық сот ісі алқабилердің қатысуымен өткен. Сот үкімімен ол кәмелетке толмағандарды азғындау және зорлау бойынша кінәлі деп танылып, 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі қатаң бақыланатын мекемеде өтейтін болады», - деп жазды Дина Таңсәрі.

Сондай-ақ, сотталушы жәбірленушінің заңды өкілінің пайдасына бес миллион теңге моральдық залал төлеуі тиіс. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Дина Таңсәрінің айтуынша, Алматының апелляциялық соты алты жасар өгей қызын зорлаған Ринат Тұсжановтың жазасын өзгертусіз қалдырған. Ол 17 жылға бас бостандығынан айырылды.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также