Отандық киімдер ішкі сұранысты қамти алмайды

Поделиться:
Отандық киімдер ішкі сұранысты қамти алмайды
Қазақстандықтар негізінен Қытай, Ресей және Түркия елдерінен келген киімдерді киеді. Өткен жылы ішкі өндіріс 42 млрд теңгеден асты, -деп хабарлайды 24.kz.

Мамандардың хабарлауынша, елдегі киім-кешек 7 процентке қымбаттаған. Жіктер болсам, ерлердікі – 7,3, әйелдердің киімі – 6,7, ал балалардыкі 7,6 процентке қымбаттапты. Отандық киім өндірушілерден Алматы облысы көш бастап тұр. Елдегі өндірістің 22 проценті осында шоғырланған.

Былтыр мұнда шамамен 10 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Тізімді Алматы мен Шымкент қалалары жалғайды. Қоса алғанда, 10 млрд теңгенің киім-кешегі ірі қалаларда шығарылған. Негізінен сыртқы трикотаж киімдер 85%-ке артық өндіріліпті. Отандық шұлық, бас киімдер және теріден жасалған бұйымдар өндірісі де еселеніпті.

Өсім бар, бірақ ішкі сұранысты толық қамтуға жеткіліксіз. Шұлықтарға сұраныстың 9 проценті қамтылған. Былтыр елге 576,1 млн долларға 55,4 мың тонна текстиль және тоқымадан тігілген киім-кешек пен аксессуарларды әкелінді.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также