Балаларға азық-түлік пен мектеп формасы тегін беріле бастайды

Поделиться:
Балаларға азық-түлік пен мектеп формасы тегін беріле бастайды
Ақпан айынан бастап атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріледі, - деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Әлеуметтік пакетпен 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалар қамтамасыз етіледі.

Яғни, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер азық-түлік және гигиеналық құралдармен қамтылса, мектеп жасындағыларға тегін ыстық тамақ, мектеп формасы мен оқу-құралдары беріледі, қалалық қоғамдық көлікте жол ақысының 50%-і өтеледі.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік жиынтығы ай сайын, ал тұрмыстық химия тауарлары тоқсан сайын жеткізіліп тұрады.

6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға сертификат оқу жылының басталуына дейін, тамыз айында берілмек.
Просмотров материала: 32

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также