Алматы маңында құлаған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы қайтыс болды

Поделиться:
Алматы маңында құлаған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы қайтыс болды
Алматы маңында құлаған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы Мейіржан Молдақұлов өз үйінде қайтыс болды, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Ұшқыштың өлімін Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы растады.

"Бүгін апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші пилоты қайтыс болды", - делінген ведомство ақпаратында.

Басқарма зардап шеккен ұшқыштың 21 қаңтарда тұрақты халде №4 қалалық клиникалық ауруханадан үйіне шығарылғанын еске салды. Одан кейін оның емханада амбулаторлық ем қабылдап, кардиолог, хирург, терапевт пен психолог бақылауында болғанын атап өтті.

"Бүгін сағат 18.00-де жедел медициналық жәрдем қызметіне денсаулықтың күрт нашарлауына қатысты хабар түсті. Жедел жәрдем уақытында келді. Жүрекке реанимациялық шаралар жасалды, бірақ нәтиже болмады", - деді басқарма мамандары.

Мейіржан Молдақұлов ұшақ апаты кезінде қатты жарақат алған. Сол кезде ол Алматы қаласының №4 клиникалық ауруханасына жеткізілген. Оған бірнеше ота жасалды, омыртқасына да операция істелді.

Бесінші қаңтарда Молдақұлов отадан кейін есін жиды. Сөйтіп, салалық бөлімшеге ауыстырылды.

Молдақұлов 1965 жылы 4 мамырда дүниеге келген. Ұшу уақыты – 11 544 сағат, соның ішінде 4 144 сағат Fokker-100 ұшағын басқарды.
Просмотров материала: 13

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также