Әр қазақстандықтың артынан күніне жарты келі қоқыс қалады

2019-10-29 14:00:29
Әр қазақстандықтың артынан күніне жарты келі қоқыс қалады
Биыл жыл басындағы көрсеткіштерге сәйкес, Қазақстандағы қоқыс алаңдарында жиналған қалдықтардың көлемі 46,7 миллион тоннаны құраған деп хабарлады Azattyq Rýhy тілшісі Finprom.kz порталына сілтеме жасап.

KazWaste қазақстандық қауымдастығының мәліметінше, жыл сайын елімізде 6 млн тонна қатты тұрмыстық қалдық жиналады екен. Алайда, олардың тек 11 пайызы ғана қайта өңделеді. Қалған қоқыс ашық аспан астында сақталып жатыр.

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, былтыр ел тұрғындарынан 4,3 млн тонна қатты тұрмыстық қалдық шыққан. Олардың 2,8 млн тоннасын коммунналды қызметтегі көліктер қоқыс полигонына тасымалдаған. Бүгінде елімізде мұндай 601 кәсіпорын бар.
Просмотров материала: 0