Атырауда жеке шаруашылыққа тиесілі мыңнан астам "Еділбай" тұқымды қой тірідей жанып кетті, деп хабарлайды astanatv.
Оқиға Құрманғазы ауданының Сүйіндік ауылдық округіне қарасты Жалғызапан ауылы маңында болған. Ресми дерек бойынша, 47 гектар жер отқа оранған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, тілсіз жау Ресей Федерациясы Астрахань облысының аумағында тұтанған. Кейін Атырау облысына жайылған. Серіктестік тірі қалған қойды сойып алып үлгеріпті.
«Тірі қалған 199 бас қой сойып алынды. 304 бас қой Атырау қаласына автокөлікпен жеткізілді. Шығын көлемі 500 бас қой. Серіктестік тарапынан мал басы шығыны жөнінде құзырлы органдарға арыз-шағым түскен жоқ», - дейді Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Нұрлыбек Қалиев.
Жергілікті төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, өртті сөндіруге 30 құтқарушы мен 4 техника жұмылдырылған. Жалғызапан және Сүйіндік ауылының ерікті тұрғындары жалынды ауыздықтауға атсалысқан.
Абырой болғанда, адам аман. Қазір шаруашылыққа келген шығын есептеліп жатыр.
өрт асыл тұқымды мал
Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей жанып кетті
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
16.07.2022
Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап жалға берілмек
16.07.2022
Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды
16.07.2022
Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш қатысы жоқ екені мәлімделді
16.07.2022