Синоптиктер Қазақстанда 16-18 шілде күні ауа райы қандай болатынын айтты. Елімізде оңтүстік циклон әсерінен жаңбыр жауады.

16 шілдеде солтүстік-батыста, 16-17 шілдеде солтүстікте, 17 шілдеде республиканың шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Бұршақ жаууы мүмкін.


Ведомствоның мәліметінше, демалыс күндері солтүстік-батыс антициклонының екпіні республиканың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болуына әсер етеді.

Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Ауа температурасы:

күндіз батыста +30...+40°С;

солтүстік-батыста +25...+40°С;

оңтүстік-батысында +36...+45°С;

оңтүстікте +33...+42°С;

оңтүстік-шығыста +20...+35°С;

солтүстікте +24...+33°С-тан +20...+30°С-қа дейін төмендеуі;

орталықта - +27...+38°С-тан +23...+33°С-қа дейін;

шығыста - +21...+33°С-тан +16...+28°С-қа дейін.