Тағы бір министр Тоқаевтан сөгіс алды
Министрге ақбөкен популяциясының болашақ тағдыры төңірегінде түсініксіз қағазбастылық пен талқылауды бастағаны үшін сөгіс айтамын. Осының бәрін қоғамдық талқылау деңгейіне жеткізудің не қажеті бар? Бұл мәселеге өз ұлтымыздың менталитетін ескере отырып, кәсіби тұрғыдан қарауымыз керек.
Мемлекет басшысы киіктердің қазақ үшін киелі жануар екенін атап өтті. Бірақ санды реттеудің басқа әдістері бар.
80 мың ақбөкенді табиғи ландшафттан шығару, яғни қыру жөнінде ұсыныс жасалуда. Бірақ басқа әдістер бар, сарапшылармен кеңесіңіз. Бұл экстремалды шаралар. Бұл шараға бару қажет болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Бірақ бұл шектен шыққан шара, деп баса айтамын.
Бұған дейін Тоқаев қант жағдайына байланысты Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеевке сөгіс жариялаған болатын.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.