Маймыл шешегіне қарсы вакциналау басталды
Бұл коронавирус секілді тез жұғатын ауру болмаса да, науқастар саны өсіп барады. Мамандар бұқаралық шаралар мен фестивальдар өтетін жаз маусымында жағдай тіпті ушығып кетуі мүмкін деп отыр. Алайда Германияда осындай шараларға тыйым салуды көздеп отырған жоқ. Мұның орнына дерттен сақтануды ұсынды. Бүгін Берлинде вакциналау науқаны басталып кетті. Жалпы Еуроодақ елдері бұл дертке қарсы 110 мың вакцина сатып алды. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты оларды Одаққа мүше елдерге және Норвегия мен Исландияға үлестіреді.
Маймыл шешегінің әлем бойынша тарауы әдеттен тыс оқиға. Оны жұқтырған адамдар саны артып, географиясы да кеңейіп барады. Сондықтан бұл дерттің таралуына тосқауыл қою үшін күш біріктіруіміз қажет. Қысқа мерзімде ахуалды бақылауға алу мақсатымен біз сарапшылармен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз, –ДДСҰ Бас дирекоры Тедрос Аданом Гебрейесус.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.